RU

Алматыда жол апатынан аман қалған актрисаның жұбайы Карды босатуды сұрады

Алматы сотында Ильяс Кардың ісі бойынша тыңдалым жалғасуда. Сот залында апаттан аман қалған Айзада Сатыбалдиеваның жұбайы сөйледі деп хабарлайды "ҚазАқпарат" агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Коллаж: NUR.KZ/ Фото: instagram.com/aizada1977/ Zakon.kz
Коллаж: NUR.KZ/ Фото: instagram.com/aizada1977/ Zakon.kz: Depositphotos

Актрисаның жұбайы Бақыт Беделхан үш адам көз жұмған жол апаты туралы жұбайының есінде ештеңе жоқ екенін айтты.

"Ол жақындарын таныды, бірақ сол күні болған оқиға есінде емес", -деді азамат.

Өз сөзінде ол Айзада Сатыбалдиеваның өте көп жарақат алғанын, сол себепті әлі де жазылмағанын алға тартты.

Бақыт Беделхан әйелінің жол апатында басынан соққы алғанын және қабырғалары сынғанын жеткізді. Одан бөлек, актрисаның сол жағы қимылсыз қалған.

Толыққанды қалыпқа келу үшін Айзада Сатыбалдиеваға бес-алты ай немесе бір жыл қажет екен.

Ал жол апатынан жалғыз өзі ғана аман қалғанын актриса әлі білмейтін көрінеді.

"Біз оған зардап шеккен сен ғанасың, қалғандарының жағдайы жақсы деп айттық. Ол жол апатына кінәлі адамды кешіруді сұрады. Ол осы арқылы Алла Тағала толық жазылуына көмектеседі деп ойлайды", - деді Айзаданың жұбайы Бақыт Беделхан.

Одан бөлек, азамат соттан Карды бас бостандығынан айырмауды, себебі ол жанұяға моральді және материалды шағынды толық өтегенін айтты.

Айта кетейік, осыған дейін Ильяс Кар оқиға орнынан неліктен қашып кеткенін түсіндірген.

Ол үш адамның өліміне себепкер болған жол апатына кінәлі деп айыпталып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1779223-almatyda-zol-apatynan-aman-kalgan-aktrisany-zbajy-kardy-bosatudy-srady.html