Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

«Нұрлы үй»: Ақтөбеде баспана аламыз деп алданғандар жыларман күйге түсті (фото)

Опубликовано:

Ақтөбеде бірнеше жылдан бері пәтер жағалап, бір баспанаға зар болған халықты жеке компания алдап соқты. «Capital to life» жеке мекемесі тұрғындарға баспана алуға көмек көрсететін «Нұрлы үй» бағдарламасын ұйымдастырған деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

«Нұрлы үй»: Ақтөбеде баспана аламыз деп алданғандар жылармен күйге түсті (фото)
Фото: NUR.KZ: UGC

«Нұрлы» деген тіркеске алданған халық бұл бағдарламаны «Нұрлы жер» деп түсінген.

Жеңіл жолмен әрі мемлекеттік бағдарламамен үйлі боламыз деп шатасқандар бүгінде сан соғып отыр.

"Бұл бағдарлама туралы мекеменің Instagram хабарландыруынан көрдім. Адамның несие тарихына қарамайды, «Нұрлы жер» бағдарламасымен екі айда баспана алуға көмектесеміз деп шақырды.

Осы компания ашылған жылы өзімнің сіңілім пәтер алған соң сеніп қалдым. Қазір 11 шаршы жерде отбасыммен пәтер жалдаймын.

Үй аламыз деп шығынға батып отырмыз. 1 миллион 400 мың теңге салдым. Сақтандыру, басқасы бар, үйдің ақшасынан бөлек 200 мың теңгедей тағы төледім.

Бұлар ақшамызды алып, баратын жерлеріңе бара бер деп мазақ қылып отыр", - дейді алданып қалған тұрғын Жібек Иманғазиева.
«Нұрлы үй»: Ақтөбеде баспана аламыз деп алданғандар жылармен күйге түсті (фото)
Фото: NUR.KZ: UGC

Жеке мекеменің есепшотына бар жиғанын аударып, баспана түгілі берген ақшасын ала алмай жүргендер саны 20-ға жетеді.

"Мен өзім Қандыағаш қаласында пәтер жалдап тұрамын. Қаламен екі ортада сенделіп кеттік. Мен тапқан үйдің иесіне де алғашқы жарна беріп қойып, оны да ала алмай отырмын. Мекемеге 1,5 миллион қаражат салдым. Сенделіп, күнде келемін, алдап жібереді", - дейді Арман Советов.

Осылайша баспананы армандаған халықтың қаржысы «Халық банкі» арқылы компанияның жеке шотына түсіп отырған.

«Нұрлы үй»: Ақтөбеде баспана аламыз деп алданғандар жылармен күйге түсті (фото)
Фото: NUR.KZ: UGC

Үй банктен емес, жеке компанияның атынан рәсімделеді екен. Әр баспана 8 жылға 7-10 пайызбен беріледі деп түсіндірілген.

"Біз 2017 жылдан бастап жұмыс жасап келеміз. Ешкімді алдап жатқан жоқпыз. Бізде де бас біреу. Несиелік серіктестік қызмет ұсынамыз. Екі жыл ішінде 93 адамға үй бердік. Кірісі мен несие тарихы талапқа сай болмай, үй ала алмай жүрген адамдар көп. Біз соларға жеңілдік жасап отырмыз.

Адамдар бізге ақшаны қолымызға әкеліп беріп жатқан жоқ, арнайы есепшотқа салады. Кейбір үйлердің иелері баспананы кепілге қоймаймыз деп бас тартты. Кепілге қойылмаса, үй берілмейді.

«Нұрлы үй»: Ақтөбеде баспана аламыз деп алданғандар жылармен күйге түсті (фото)
Фото: NUR.KZ: UGC

Бізді сотқа беріп, қаралып жатқан істер бар. Егер соттың шешімі шықса, біз ақшасын қайтарамыз.

Осыған дейін сот арқылы 5-10 адамның ақшасын қайтардық. Жұмыс болған соң ондайлар болады. Біздің «Нұрлы жер» бағдарламасына еш қатысымыз жоқ.

Мемлекеттік бағдарламамен жұмыс жасамаймыз. Арнайы инвесторлармен «Нұрлы үй» бағдарламасымен жұмыс жасаймыз. Егер келген адам бізбен арадағы келісім шартты бұзатын болса, салған ақшаның 5 пайызын ұстап қаламыз", - дейді «Capital to life» мекемесінің директоры Жанат Есниязова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1779262-nrly-j-aktbede-baspana-alamyz-dep-aldangandar-zylarman-kjge-tsti-foto/

pixel