RU

Астанада бес жасар баланы құдықтан құтқарған 10 сынып оқушысы марапатталды (фото)

Астанада кәріз құдығына түсіп кеткен бес жасар баланы құтқарған 10 сынып оқушысы марапатталды. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Нәдір Омарғазиевке "Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін" төсбелгісін табыстады деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: ІІМ
Фото: ІІМ: Depositphotos

Ерлан Тұрғымбаев 10 сынып оқушысына батылдығын үшін алғыс білдірді.

Фото: ІІМ
Фото: ІІМ: Depositphotos

Министр өз өмірін қатерге тікке Нәдір Омарғазиевтің бұл ісін ерлікке балап, "Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін" төсбелгісімен қатар оқушыға смартфон табыс етті.

Фото: ІІМ
Фото: ІІМ: Depositphotos

Сондай-ақ министр оқушының ата-анасына мен ұстаздарына алғыс білдірді. 10 сынып оқушысының ата-анасын Тұрғымбаев алғыс хатпен марапаттады.

Айта кететіні, министр жеткіншекті ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындарында білім алуға шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1779268-astanada-bes-zasar-balany-kdyktan-ktkargan-10-synyp-okusysy-marapattaldy-foto.html