RU

Дәрігерлер Шымкентте снаряд жарылысынан жарақат алған екінші жігіттің де бір аяғын кесті

Дәрігерлер Шымкентте снаряд жарылысынан жарақаттанған екінші жігіттің де аяғын кесіп тастады. Ақ халаттылар 1998 жылы туған 21 жастағы жігіттің сол аяғының орта бөлігінен кесіп тастауға мәжбүр болған деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Фото:korolevriamo.ru
Фото:korolevriamo.ru: Instagram

11 ақпан күні ауыр халде ауруханаға жеткізілген науқастың жағдайы жақсара қоймаған. Қазір жағдайын дәрігерлер орташа ауыр деп отыр.

"Науқастың жағдайын екі-үш күн бақылап көрдік. Күрт нашарлап кеткен соң амал жоқ өмірін аман алып қалу үшін сол аяғына ота жасап, жартысын алып тастадық. Аяғынан снарядттың өте майда бөлшектері шықты.
Отадан кейін пациентті жансақтау бөліміне жатқыздық. Қазір жансақтау бөлімінде ем алуды жалғастырып жатыр", - дейді жарақат бөлімінің меңгерушісі Марат Балтөреұлы. 

Еске салайық, 11 ақпан күні Шымкент қаласы Еңбекші ауданында орналасқан жер үйлердің бірінде жарылыс болған еді.

Темір терсекті өткізіп, нәпақа таппақ болған үй иесі снарядтың жарылғыш зат екендігінен бейхабар болған.

Сол күні зардап шеккен 1984 жылы туған азаматтың сол аяғы мен сол қолының орта бөлігі алынып тасталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1779274-drigerler-symkentte-snarad-zarylysynan-zarakat-algan-ekinsi-zigitti-de-bir-aagyn-kesti.html