RU

Тараз полицейлері иіске уланған екі адамды аман алып қалды

Тараздық полицейлер көмір иісіне уланып, үйінде ес-түссіз жатқан екі жергілікті тұрғынды құтқарып қалды деп хабарлайды КТК арнасы.

Фото:joinfor.ru
Фото:joinfor.ru: Instagram

52 жастағы Шөлдала ауылының тұрғыны таңға жуық оянып, өзі мен 50 жастағы жұбайының дел-сал күйде екенін аңғарған.

Ысқа тұншыққанын түсінген ер адам дереу жедел жәрдемге хабар беріп үлгеріп, қайта құлаған.

Дәрігерлер келгенімен, баспанаға кіре алмай полицейлерге жүгінген.

Шұғыл жеткен олар, үйге терезеден түсіп, талып жатқандарды тысқа алып шығады.

Ерлі-зайыпты уақытылы көмектің арқасында аман қалды.

Ал улы газдың көмірмен жылытылатын пештен тарағаны белгілі болды. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1779282-taraz-policejleri-iiske-ulangan-eki-adamdy-aman-alyp-kaldy.html