RU

Былтыр сүйіктісіне ұсыныс жасаған отандық актердің үйленбейтіні рас па?

Олжас Әлжанов өткен жылдың мамыр айында өмірлік жарымды таптым деп жар салып, оған үйленуге ұсыныс жасаған болатын. Бұл оқиғадан соң, танымал актер думанды тойға дайындықты бастап кеткен еді. Алайда арада сегіз айға жуық уақыт өткенде Олжас әлі де күйеу жігіт атанбаған деп жазады NUR.KZ.

Фото: Instagram, Коллаж: NUR.KZ
Фото: Instagram, Коллаж: NUR.KZ: Facebook

Аяла есімді аруға ұсыныс жасап, оның оң жауабын алған актер барша оқырмандарына отбасын құрғалы жатқанын хабарлады.

Алайда бір жылдай уақыт өтсе де, Олжас Әлжанов әлі үйлену тойын жасамады.

Оған қоса, сері жігіт ғашығымен түскен суреттердің бәрін өшіріп тастаған.

Бұл жайттарға байланысты желідегілер жұптың өзара келісе алмағанын болжап, тойдан бас тартқан болар деген ой түйді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1779311-byltyr-sjiktisine-synys-zasagan-otandyk-akterdi-jlenbejtini-ras-pa.html