RU

Болгарияда өтіп жатқан турнирде отандық бес бірдей боксшы ақтық мәреге шықты

Бокстан Болгарияның София қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирде бес қазақ боксшысы финалға шықты деп хабарлайды Olympic.kz

Фото: olympic.kz
Фото: olympic.kz: Facebook

Жартылай финалға шыққан бес боксшы да жекпе-жектерін жеңіспен аяқтады.

49 келіде Теміртас Жүсіпов, 60 келіде Зәкір Сафиуллин, 64 келіде Санатәлі Толтаев, 69 келіде Абылайхан Жүсіпов, 91 келіде Василий Левит қарсыластарын ұтып, турнирдің финалына шықты.

Отандық спортшылардың ақтық мәредегі қарсыластары да белгілі болды.

Теміртас Жүсіпов – Амит (Үндістан), Зәкір Сафиуллин – Артур Субханкулов (Ресей), Санатәлі Толтаев – Алексей Мазурь (Ресей), Абылайхан Жүсіпов – Бобо-Усмон Батыров (Өзбекстан), Василий Левит – Садам Магомедовпен (Ресей) қолғап түйістіреді.

Айта кетейік, финалдық кездесулер бүгін Астана уақытымен 18:00-де басталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1779331-bolgariada-tip-zatkan-turnirde-otandyk-bes-birdej-bokssy-aktyk-mrege-sykty.html