RU

Қазақ көйлекпен шыр айнала билеген Мақпал Жүнісова көпті тәнті етті (видео)

Желіде Мақпал Жүнісованың қазақи көйлек киіп, шыр айналып билеп жүрген видеосы тарап кетті. Эстрада жұлдызының орындауындағы ерекше "қойылымға" отандық танымал дизайнер куә болыпты. Аида Кәуменова "қазақтың ерке қызының" көңілді сәтін ұялы телефонына түсіріп алған деп жазады NUR.KZ.

Фото:Instagram, Коллаж: NUR.KZ
Фото:Instagram, Коллаж: NUR.KZ: Instagram

Мақпал Жүнісованың ерекше қуанышты көңіл-күйіне отандық дизайнер тігіп берген көйлек себеп болған көрінеді.

Халық әртісінің сәтті шыққан киім үлгісіне риза болғаны соншалық, ол дүкен ішінде шыр айнала билеп кеткен.

Әншінің көйлектен мұндай әсер аларын күтпеген Аида Кәуменова бірден бұл сәтті бейнекамераға түсіріп алуға бел буады. Нәтижесінде, Мақпал Жүнісова ән шырқап, дизайнерға кішігірім "концерт" ұйымдастырған.

"Қазақтың ерке қызы, не істесе де жарасып-ақ тұрады осы кісіге" , "Жарайсыз, қол-аяғыңызға дерт бермесін. Шауып жүре беріңіз" , "Сіздің туындыңызға қуанып жатыр Аида ханым. Ерке қызға керемет көйлек тігіпсіз" , - деп жазуда желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1779339-kazak-kjlekpen-syr-ajnala-bilegen-makpal-znisova-kpti-tnti-etti-video.html