RU

Алексей Цой Денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды

Үкімет қаулысымен Алексей Цой Денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды деп хабарлайды primeminister.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: mz.gov.kz
Фото: mz.gov.kz: UGC

Жарияланымда бұл кадрлық өзгеріс оның басқа жұмысқа ауысуына байланысты екені көрсетілген.

Цой әр түрлі уақытта денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі, Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ "№ 1 қалалық аурухана" МКК бас дәрігері, "ҚР Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы"ММ бастығы болып жұмыс істеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1779340-aleksej-coj-densaulyk-saktau-vice-ministri-kyzmetinen-bosatyldy.html