RU

Сахнадан көрінбей кеткен Гауһар Қаспақова қызына арнап клип түсірді (видео)

Отандық әнші Гауһар Қаспақованың NURTV.KZ-тің "Клип Show" атты жаңадан ашылған бағдарламасына келіп, өзінің тұңғышын түсірген клипке байланысты пікір білдірді деп хабарлайды NUR.KZ.

Гауһар Қаспақова. Фото:vkmusic.kz
Гауһар Қаспақова. Фото:vkmusic.kz: Instagram

Сахнадан көрінбей кеткен әнші "Қызым менің" атты бейнебаян түсіріп, басты кейіпкер ретінде қызы Айзере мен ұлы Мұстафаны таңдаған.

"Жалпы, атам қазақ қыз баласын әрдайым сыйлаған ғой. "Қыз деген өріс" деп есептеген. Қыздың мәртебесін жоғары көтеретін әдемі ән болғаннан кейін маған Қамбар Есмұханов деген режиссер жігіт ұсыныс тастады. "Актрисаны алыстан іздеп қайтесің? Қызың да әп-әдемі актриса болады" деп айтты. Содан міне жақсы бейнебаян шықты. Естелік болып қалады", - деді әнші.

Сондай-ақ, Гауһар Қаспақова аталмыш әнде бар дауысын қоспай, нәзік орындау себебін де түсіндіре кетті.

"Клип Алматы қаласында түсірілді. Үй жалға алынды. Әннің өзі нәзік болғандықтан, бар дауысымды қоспай орындадым", - деп ағынан жарылды әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1779348-sahnadan-krinbej-ketken-gauar-kaspakova-kyzyna-arnap-klip-tsirdi-video.html