RU

"GGG-ді таңғалдырамыз": Шарипова ресейлік әншіні жұдырықтасуға шақырды

Екі салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы Фируза Шарипова өзімен жаттығуға Анна Седокованы шақырды. Ол ресейлік әншімен жұдырықтасуға ниетті екенін өзінің Instagram парақшасында хабарлаған деп жазады NUR.KZ.

Фото: Instagram, Коллаж: NUR.KZ
Фото: Instagram, Коллаж: NUR.KZ: Twitter

Шарипова "ВИА Граның" бұрынғы әншісіне қазақстандық бокстың күш-қуатын көрсететінін жеткізді.

“Анна Седокованы Мәскеуде өтетін жаттығуыма қатысуға шақырамын. Сізге нағыз қазақстандық боксты көрсетемін. Головкинді таңғалдырамыз" , - деп жазған Фируза.

Оған қоса, спортшы қыз ресейлік әншінің бокс шеберлігін жоғары бағалады.

Фируза өзінің Instagram парақшасына Седокованың менеджерімен бірге үш жыл бұрын түскен суретін жүктеп қойды.

“Мына сурет 2016 жылы бокс академиясында жасалған. Анна клип түсіріп жатты. Біз менің кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегіме промо ролик жасағанбыз" , - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1779353-ggg-di-tagaldyramyz-saripova-resejlik-nsini-zdyryktasuga-sakyrdy.html