RU

Нұржан Керменбаев, Ziruza мен Луина еліміздегі жас таланттар арасында байқау жариялады

20 ақпан күні #CoverШЫ байқауының жеңімпаздары анықталады. Екі айға жуық уақыт боы Қазақстанның түпкір-түпкірінен жиналған жас таланттардың жарысы соңына жетеді.

Нұржан Керменбаев, Ziruza мен Луина еліміздегі жас таланттар арасында байқау жариялады
CoverШЫ: Instagram

Айта кететіні, конкурсқа қатысушылар үш бөлімнен өткен. Шоу-бизнес өкілдері әр кезеңде жас өнерпаздарға өздерінің танымал әнін орындауды тапсырған.

Конкурс ұйымдастырушысы Beeline Қазақстан болса, жоба серіктестері: Dala Media музыкалық мектебі, BVP Studio және NUR.KZ IT компаниясы.

Жоба жетекшілері: Luina, Нұржан Керменбаев және Ziruza мен продюсері Ерлан Әлімов.

Ұйымдастырушылар осы уақыт аралығында #CoverШЫ хештегіне 1500 видео-орындаудың келгенін айтуда.

Мәжитова Дана, Атырау

Кудренова Наргиз және Бегулова Адина, Астана

Айша Тілеубай, Алматы

Руслан Меңдігүл, Алматы

Нурдолда Кенжебек, Қарағанды

Тоқжұманова Адель, Қарағанды

Жұмаев Мейрамбек, Орал

Шайкөзова Карина, Ақтау

Toqleroque тобы, Алматы

Montana Rose тобы, Қарағанды

Байқау жеңімпаздары сыйлыққа жеке клипін түсіру мүмкіндігін алады.

Ал II, III орын иелері ән жаздыру орталығы мен Dala Tunes музыкалық мектебінің бір айлық дайындығын жеңіп алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1779379-nrzan-kermenbaev-ziruza-men-luina-elimizdegi-zas-talanttar-arasynda-bajkau-zarialady.html