RU

Қауіпсіздікке әркім өзі жауапты: Тұрғымбаев "времянкада" тұратындар жайында айтты

Қазақстанның ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Үкімет отырысында бүгінгі таңда алдын алу жұмыстарын жүргізу үшін Қазақстанның барлық тұрғындарына өрт сөндірушілердің жетіспейтінін мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Фото: patrul.kz
Фото: patrul.kz: UGC
"Бізде өртке қарсы қауіпсіздік бойынша іс-шаралар жоспары бар. Ол қазір жұмыс істеп жатыр.

Бірақ қазіргі уақытта "времянкалар" өте көп, көптеген адамдар өртке қарсы қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін пешті пайдаланады.

Бүгінгі таңда әрқайсысымен алдын алу жұмыстарын жүргізу үшін Қазақстанның өрт сөндірушілері барлық тұрғындарға жетіспейді", - деді Ішкі істер министрі.

Министр, ең алдымен, адамдардың өздері қауіпсіздіктің қарапайым талаптарын орындау қажеттігін айтты.

"Бұл азаматтардың өз қауіпсіздігі мәселесі және азаматтар өзіне және өз балаларына қамқорлық жасау керек. Неге екені белгісіз, әрқашан мемлекет пен мемлекеттік органдар кінәлі деп санайды.
Иә, шын мәнінде, біз өртке қарсы қауіпсіздікті бақылау органымыз. Соған қарамастан, өз балаларының, тұрғын үйінің қауіпсіздігі, пешпен жылыту, қандай отын пайдалануға болатыны және осы жерден туындайтын мәселелерге азаматтардың өздері де жауап беруі тиіс", - деп түйіндеді ол сөзін.

Айта кетейік, өткен аптада Ішкі істер министрі болып тағайындалған Ерлан Тұрғымбаев іске толығымен кіріскен соң БАҚ өкілдеріне брифинг өткізетінін мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1779392-kauipsizdikke-rkim-zi-zauapty-trgymbaev-vremankada-tratyndar-zajynda-ajtty.html