Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

20 ақпанға арнаған жұлдыз жорамал

Опубликовано:

Бүгін жаңа қарым-қатынас бастау үшін өте сәтті күн. Басшылыққа жалақы көтеру жайында өтініш айтпаңыз және әріптестеріңізді жұмысты тез аяқтауға асықтырмаңыз. Одан да достарыңызбен уақыт өткізіп, көңіл көтеріңіз. obozrevatel сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ 20-шы ақпанға арналған жұлдыз жорамалды назарыңызға ұсынады.

20 ақпанға арнаған жұлдыз жорамал
Көрнекі фото: Kolobok.ua: Facebook

1. Тоқты

Көптен бері аяқтай аламай жүрген жобаңызды аяқтайсыз. Бірақ істі аяқтаймын деп бар күшіңізді сарқылтуыңыз мүмкін. Кешке біраз тынығуға тырысыңыз. Үйде жатқыңыз келмесе, таза ауада серуендеп қайтыңыз.

2. Торпақ

Бүгінгі күннің оқиғалары сіз үшін ойын сияқты көрінуі мүмкін. Бірақ бизнесте ойнауға болмайды. Басқа адамдардың әрекеттері мен сөздерінің құпия мәнін түсініңіз. Тек махаббатта жеңілтектікке салынуға болады. Жалғыз болсаңыз, айналадағы адамдарға көңіл бөлуді ұмытпаңыз, бәлкім араларында болашақ жарыңыз бар шығар.

3. Егіздер

Сіз үшін бұл күн күрделі болуы мүмкін. Жұмыс мәселелерін шешу қиынға соғады. Бос уақытыңыз болса, ата-анаңызбен сөйлесіп, жаңа адамдармен танысыңыз. Түнгі суықта көп жүрмеңіз.

4. Шаян

Бүгін жақындарыңызбен тіл табысуыңыз қиындайды. Әрдайым жаныңыздан табылған адамды қатты ренжітуіңіз ықтимал. Мұндай жағымсыз сәттерді жаңа адаммен танысып немесе жаңа зат алумен жуып-шаюға болады.

5. Арыстан

Бүгін ауқымды жоспар құрудың қажеті жоқ. Шығармашылықта, медитация сабақтарында үйлесімділік таба аласыз. Қажет болса, білікті психологтардың көмегіне жүгініңіз.

6. Бикеш

Бүгін байлыққа кенелудің жолын табуыңыз мүмкін. Пысық болсаңыз, бұл идеяларды іске асырып та үлгеруіңіз әбден мүмкін. Сүйіктіңіз сізге сезімін білдіруі ықтимал.

7. Таразы

Бүгін өміріңіздегі барлық оқиғалардың жағымсыз жағын ғана көресіз. Мұндай көңіл-күйге түсуіңізге жеке басыңыздағы ұсақ-түйек мәселелер, қаржылық қиындықтар және жұмысыңыздағы жобалардың кідіруі себеп болуы мүмкін. Дегенмен айналадағы нәрседен өзіңізді шабыттандыратын нәрсе табуға тырысыңыз.

8. Сарышаян

Ұсақ-түйек келеңсіздіктер мазаңызды алады. Жай ғана оларға мән бермей, жұмыстарыңызды ысырып қойып, өзіңізге демалыс жариялаңыз.

9. Мерген

Пайдасыз жобаларға күніңізді текке сарп етпеңіз. Өзіңізге дұрыс мақсат қойып, оған қол жеткізгенше тоқтамаңыз. Көмек қажет болса, сұраңыз. Техникалық қауіпсіздікті сақтап, хауыз немесе мұз айдынына бармаңыз.

10. Тауешкі

Күні бойы өзіңізге көңіліңіз толмайды. Мұндай көңіл-күйге түсуге ешқандай себеп болмаса да, дұрыс тамақтанбау мен басқа адамдардың немғұрайдылығы сізге әсер етеді. Өміріңізде болып жатқан жайттарды дұрыс бағалай біліңіз.

11. Суқұйғыш

Сізге бүгінгі күн күрделі, әрі қажырлы еңбекті қажет ететіндей көрінуі мүмкін. Жұмысқа қатысты мәселелерді шешіп, дауға араласып, отбасылық жанжалдың ортасында қалуыңыз мүмкін. Алайда кешке бәрі өз орына келеді.

12. Балықтар

Жеке немесе кәсіби салада айтарлық өзгерістер болуы мүмкін. Елеулі өзгерістерге дайын болмасаңыз, біраз тынығыңыз. Ал батыл болсаңыз, қиялыңызға ерік беріңіз. Арманыңыз неғұрлым ерекше болса, соғұрлым болашағыңыз жарқын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1779393-20-akpanga-arnagan-zldyz-zoramal/

pixel