Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Белгілі композитор ашық-шашық образымен танылған әншінің қасына отырудан бас тартты

Опубликовано:

Танымал композитор Жарылқасын Дәулет отандық бағдарламада ашық-шашық образымен көзге түскен Фарема Қазақбаеваның қасына отырудан бас тартты. Отандық әншінің киіну стилін сынаған композитор "Астарлы ақиқат" бағдарламасының эфирінен шығып кеткен деп жазады NUR.KZ.

Фарема Қазақбаева, Жарылқасын Дәулет. Фото:tote.qamshy.kz, әншінің Instagram парақшасы. Коллаж: NUR.KZ
Фарема Қазақбаева, Жарылқасын Дәулет. Фото:tote.qamshy.kz, әншінің Instagram парақшасы. Коллаж: NUR.KZ: Instagram
"Мына қыздың дауысы жап-жақсы екен. Әжеңнің қолында өскен екенсің. Әжең саған "Тыржалаңаш сахнаға шық" деді ме, айналайын? Қазақтың ұлттық ар-намысын таптап жатқан сен сияқтыларды қарағым келмейді. Дауысың тым жақсы. Адам өзінің Алла берген талантын жақсы нәрсеге жұмсамаса, ертең саған еліктейтіндер көбейеді.
Ертең сен де бала бағасың. Немере бағасың. Сенің осындай болғаның олардың намысына тимейді ме? Айналайын, 16 млн адамның алдында жалаңаш жүргенше, жеке өміріңде жалаңаш жүруің керек еді. Мынадай қыздың қасында отырғым келмейді", - деген Жарылқасын Дәулет бағдарламадан шығып кеткен.

Ал әнші өзінің күнделікті өмірде жалаңаш жүрмейтінін, бұл тек сахналық образы екенін мәлім етті.

"Мен әдеттегі өмірде жалаңаш жүрмеймін. Сахналық образ деген түсінік бар. Сізбен сөз таластырғым келмейді. Өмірде бір орында тоқтап қалмауымыз керек. Мен қалада іш киіммен немесе бодимен жүрмеймін. Мен күнделікті өмірде спорттық киіммен жүремін. Егер мен қызықсыз болсам, 135 мың адам қарамас еді. Менің өз ісім өзіме ұнайды", - дейді Фарема Қазақбаева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1779416-belgili-kompozitor-asyk-sasyk-obrazymen-tanylgan-nsini-kasyna-otyrudan-bas-tartty/

pixel