RU

Өзін әулиеге теңеген азамат 2500 әйелді жүкті етуді жоспарлап отыр

Австралияда 2500 әйелді жүкті етуді қалайтын азамат табылды. Өзін Джо Донор деп атаған тұрғын Австралияға қаңтар айында қоныс аударыпты. Ол осы уақытқа дейін АҚШ пен Оңтүстік Америкада 800-ден астам келіншекті жүкті етіп үлгерген екен. Бұл туралы woman.rambler.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: Lenta.ru
Фото: Lenta.ru: Facebook

Бүгінде азамат жүздеген баланың әкесімін деп отыр.

Өзін "әулиеге" теңеген Джо әйелдерді медициналық сынауықтармен емес, жыныстық қатынасқа түсу арқылы ұрықтанудыруды жөн санайды.

Оның айтуынша, бұл әдіс әлдеқайда жылдам әсер етеді екен. Джоның сөзінше, келіншектердің көп бөлігі табиғи жолмен ұрықтандыруды дұрыс деп есептейді. Донор қызметі үшін ақша алмайды, ол тек жол ақысын төлеп беруін сұрап отыр.

Одан бөлек, Джо аруларға өзі туралы ешқандай ақпарат бермейтін көрінеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1779437-zin-uliege-teegen-azamat-2500-jeldi-zkti-etudi-zosparlap-otyr.html