Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақ қызы Бакуде өткен байқауда әлемнің ең үздік фотомоделі атанды (фото, видео)

Опубликовано:

Ақтау қаласының тұрғыны Сандуғаш Әбдірхан ақпанның 6 мен 10 аралығында Әзірбайжан астанасында өткен World beauty сhampionship of bridal hairstyle & Make up 2019 байқауында Best Photomodel of the World 2019 номинациясы бойынша үздік болып танылды. Бұл туралы "Лада" сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Қазақстандық ару Бакуда өткен байқауда әлемнің ең үздік фотомоделі атанды (фото, видео)
Фото:lada.kz: UGC

Халықаралық байқауда Қазақстан намысын бес адам - үш модель мен екі стилист қорғаған. Байқау нәтижесінде "Әлемнің үздік фотомоделі" атағын Сандуғаш Әбдірханға бұйырған.

Қазақстандық ару Бакуда өткен байқауда әлемнің ең үздік фотомоделі атанды (фото, видео)
Фото:lada.kz: UGC

Бойжеткеннің сөзінше, бұл оның бірінші халықаралық байқауы емес. Бұрын ол Miss World Car & Motorsport 2017 байқауына қатысу үшін Сербияға барған екен.

Ал 2018 жылы Үндістанда өткен Miss Supermodel Worldwide байқауында Miss Caspian атағына ие болыпты.

Қазақстандық ару Бакуда өткен байқауда әлемнің ең үздік фотомоделі атанды (фото, видео)
Фото:lada.kz: Twitter

Сандуғаш осы жетістікпен тоқтамайтынын, ары қарай да байқауларға қатысуын жалғастыратынын мәлімдеді.

Ең үздік фотомодель атанған ару туған қаласы Ақтаудың атағын шығаруды армандайды.

Қазақстандық ару Бакуда өткен байқауда әлемнің ең үздік фотомоделі атанды (фото, видео)
Фото:lada.kz: Getty Images

Еске сала кетейік, 17 жастағы қазақстандық ару Сингапурда өткен сұлулық байқауында жеңіске жеткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1779467-kazak-kyzy-bakude-tken-bajkauda-lemni-e-zdik-fotomodeli-atandy-foto-video/

pixel