RU

Денис Тенді өлтіргендердің ісі Алматы сотына түсті

Алматы қалалық сотына Денис Тенді өлтіргендері үшін сотталған Арман Құдайбергенов, Нұрәлі Қиясов және ақпаратты жасырып қалғаны үшін бас бостандығынан айырылған Жанар Толыбаеваның аппеляциялық шағым бойынша іс қайта қаралуға түсті деп хабарлайды NUR.KZ.

Денис Тенді өлтіргендердің ісі Алматы сотына түсті
Фото:NUR.KZ: Twitter

Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады. Істің қай күні қаралатыны әзірге белгісіз.

Еске сала кетейік, Денис Тенді өлтіргені үшін сотталғандар мен жәбірленуші тарап аппеляциялық шағым түсірді.

Денис Тенді өлтіргендері үшін Арман Құдайбергенов пен Нұралы Қиясов 18 жылға бас бостандығынан айырылған еді.

Ал қылмысты жасырып қалғаны үшін айыпталған Жанар Толыбаева төрт жылға түрмеге қамалған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1779469-denis-tendi-ltirgenderdi-isi-almaty-sotyna-tsti.html