RU

Алдағы күндері Солтүстік Қазақстанда қатты боран соғады

Солтүстік Қазақстан облысында 20 ақпандағы ауа райына байланысты ескерту жарияланды деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Фото: astana.gov.kz
Фото: astana.gov.kz: Twitter

20 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде боран соғады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жылдамдығы 15-20 м/с болатын жел еседі.

"Солтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға ТЖ туралы ескертеді және халықтың қалыпты тіршілік әрекетін қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдауды ұсынады", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1779492-aldagy-knderi-soltstik-kazakstanda-katty-boran-sogady.html