RU

Шудағы пойыз апатына қатысты сот процесі басталды

Жамбыл облысында өткен жылдың тамыз айында апатқа ұшыраған пойызға қатысты сот процесі басталды. Қайғылы жағдайға байланысты үш адам айыпталып жатыр деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Куәгерлерден
Фото: Куәгерлерден: Instagram

Вагондардың рельстен шығып кеткені үшін "Қазақстан темір жолы" АҚ Шу дистанциясының директоры орынбасары, ҚТЖ екінші өндірістік учаскенің Шу дистанциясы мен оның орынбасары жауап беретін болады.

Аталған апат өткен жылдың жазында орын алған еді. Пойыздың сегіз вагоны жолдан шығып кетуі салдарынан бір жасөспірім көз жұмып, 14 адам медициналық көмекке жүгінген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1779501-sudagy-pojyz-apatyna-katysty-sot-procesi-bastaldy.html