Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте азанды дұрыс оқымағаны үшін бес жасар ұлын ұрып өлтірген өгей әке сотталды

Опубликовано:

Шымкентте бес жасар өгей ұлын азанды дұрыс оқымағаны үшін ұрып өлтірген өгей әке сегіз жылға бас бостандығынан айырылды беп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото: news.rambler.ru
Көрнекі фото: news.rambler.ru: Depositphotos

Сотталуышға Қылмыстық кодекстің 106 бабы, 3-ші бөлігімен айып тағылған.

"Шымкент қаласының Еңбекші аудандық сотының 2019 жылғы 19 ақпандағы үкімімен Е.Ж. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 106-бабының 3-бөлігімен, яғни жәбірленушінің дәрменсіз күйде екенін біле тұра, абайсызда оның өліміне әкеп соққан, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін кінәлі деп танылып, 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтеу белгіленді.
Сот сотталушыға жаза мөлшері мен түрін белгілегенде, оның қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мән-жайлар ретінде жасаған әрекетіне шын ниетпен өкінгенін ескерді.
Үкім заңды күшіне енбеген", - деп хабарлайды Шымкент қалалық сотының баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, оқиға өткен жылдың желтоқсан айының бесінде, сағат 20.00 шамасында Шымкент қаласы Қарабастау елдімекені Достар көшесіндегі тұрғын үйдің бірінде болған.

Ер адам бес жасар өгей ұлын "Құптан" намазын оқу кезінде, азанды дұрыс оқымағаны үшін балақайды жазаламақ болып, соққыға жыққан.

Үйдің кіре беріс бөлмесінде сойталдай жігіт дәрменсіз бес жасар балақайды тепкінің астына алған.

Сол күні ауыр дене жарақаттарымен облыстық клиникалық ауруханасына жеткізілген баланы дәрігерлер ажалдан арашалап қала алмады.

Өгей әкесінен әбден таяқ жеген бес жасар бүлдіршін ауруханада көз жұмған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1779515-symkentte-azandy-drys-okymagany-sin-bes-zasar-lyn-ryp-ltirgen-gej-ke-sottaldy/

pixel