RU

Павлодарда үшінші қабаттан құлаған бүлдіршін ғажайыптың күшімен аман қалды (видео)

Павлодарда үшінші қабаттан құлаған кішкентай бала аман қалды. Оны бірінші қабатта жалғастыра салынған құрылыстың шатыры құтқарып қалған деп хабарлайды NUR.KZ.

Павлодарда үшінші қабаттан құлаған бүлдіршін аман қалды (видео)
Фото: Видеодан скриншот: Facebook

Видео Instagram-дағы ti.pavlo қауымдастығында жарияланған.

"Бала Чокина 143 те орналасқан Прогресс үйіндегі жанама құрылыстың шатырына үшінші қабаттан құлады. Аман қалды", - деп жазылған видеоның сипаттамасында.

Қалалық полиция департаменті оқиғаның оңтүстік полиция бөлімшесінде тіркелгенін мәлімдеді.

Төтенше оқиғадан кейін бүлдіршін қанағаттанарлық жағдайда облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

Терезеден құлаған баланың ата-анасымен түсіндіру әңгімесі жүргізілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1779529-pavlodarda-sinsi-kabattan-klagan-bldirsin-gazajypty-ksimen-aman-kaldy-video.html