Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

21 ақпанға арналған жұлдыз жорамал

Опубликовано:

Бүгін мәмілегерлік қабілетіңізді қолданыңыз. Келісөздер жүргізіп, кездесу өткізу үшін қолайлы күн. obozrevatel сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ 21-ші ақпанға арналған жұлдыз жорамалды назарыңызға ұсынады.

21 ақпанға арналған жұлдыз жорамал
Көрнекі фото: vseloterei.com: Facebook

1. Тоқты

Бүгін барлық істі бірден аяқтауға тырыспаңыз. Жұмысыңызға, кәсібіңізге және қаржы мәселелеріне ерекше көңіл бөліңіз. Жеке өміріңіз бен жұмысты араластырмаңыз. Кешке күш-қуатыңызды арттыру жолдарын қарастырыңыз.

2. Торпақ

Ерекше оқиғалар, кездейсоқ кездесулер мен елеулі жаңалықтар сізді үйреншікті өмір салтыңызды өзгертуі мүмкін. Жұмысыңызда қол жеткізген жеңісіңіз сізге үлкен қуаныш сыйлауы мүмкін. Бұл күн отбасылық кездесулер үшін арналмаған. Туыстарыңыз жеңістеріңізді қызғанады немесе қуанышыңызды бөліспейді.

3. Егіздер

Бұл күнді өте белсенді өткізе аласыз. Кәсіби тұрғыдан өте қолайлық күн болмақ. Сондай-ақ жарысқа қатысып жеңіске жете аласыз. Жеке басыңыздың мәселесін шешудің мүмкіндігі пайда болады. Кешті балаларыңызбен брге өткізіңз.

4. Шаян

Бүгін жағымсыз әдеттерден арылуға тырысыңыз. Шындықты мойындап, әрекеттеріңіздегі қателіктерді ескеріңіз. Қаржы мәселелері мұқияттылықты талап етуі мүмкін. Күтпеген шығындар шығып, жоспарлап қойған бюджетіңізден қаржы алуға тура келеді.

5. Арыстан

Бүгінгі күнді іскерлік кездесулермен өткізесіз. Жұмыс іздеп жүрген болсаңыз, достарыңызбен сөйлесіп көріңіз, бәлкім біреуі ұсыныс жасауы мүмкін. Жеке басыңызға қатысты мәселелерді кейінге қалдырыңыз.

6. Бикеш

Бүгін уайымдайтын ештеңе жоқ. Қаржы немесе жұмысқа қатысты мәселелер шешімін таппайды. Жаңа таныстықтардан және туыстарыңыздың көмегінен бас тартпаңыз.

7. Таразы

Мінез-құлқыңызды айналадағылар түсінбеуі мүмкін. Сондықтан қиялыңызды шарықтатпай, әрекеттеріңізге мән беріңіз. Өміріңізде оң өзгерістер әкелетін кездесу болуы әбден мүмкін.

8. Сарышаян

Бүгін сізді сәттілік күтіп тұр. Басшылық идеяларыңызды қолдауы әбден мүмкін. Жеке өміріңізде де жақсы өзгерістер орын алуы ықтимал. Бірақ көңіл-күйіңіз тұрақсыз болады. Сезімдеріңізді құрсауда ұстап, кешті тынығуға арнаңыз.

9. Мерген

Бүгінгі күннің қалай аяқталғанын байқамай қаласыз. Қызықты кездесулер мен сапарлар болуы мүмкін. Алайда жылжымайтын мүлікті айырбастамаңыз. Сондай-ақ интернет арқылы сауда жасамаған абзал. Денсаулығыңыз сыр бере бастаса, біраз тынығыңыз.

10. Тауешкі

Жаңа идеяларыңызды жүзеге асыруды басқа күнге қалдырыңыз. Әйтпесе көптеген кедергілерге тап боласыз. Негізгі тосқауыл күшіңіздің сарқылуы немесе қорыңыздың тапшылығы болуы мүмкін.

11. Суқұйғыш

Ең батыл идеяларыңыз дұрыс бағаланады. Күнделікті мәселелерді шешуде айтарлықтай өзгерістер болмайды. Бұл күнді байыпты өткізуге тырысыңыз. Бұрынғы жеңістеріңізді талдап, отбасы мүшелеріне көңіл бөліңіз.

12. Балықтар

Бүгін арманыңызға жетуге ұмтылмайсыз. Мұндай жабыраңқы көңіл-күй өміріңіздің барлық жайттарына әсер етеді. Бұл күннің тапшылығынан, әсерлі сезімдердің жетіспеушілігінен туындауы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1779543-21-akpanga-arnalgan-zldyz-zoramal/

pixel