RU

Ресейлік ару 16 қабатты ғимараттың төбесінде шыр айнала биледі

Ресейдің Воронеж қаласында 27 жастағы Марина Корженевская 16 қабатты ғимараттың үстіндегі сырықта өнер көрсетті. Желі қолданушылары бойжеткеннің алаңсыздығына таңданды деп жазады NUR.KZ.

Ресейлік бойжеткен 16 қабатты ғимараттың төбесіндегі сырықта аса қауіпті би биледі
Фото:Видеодан скриншот: Facebook

Экстремалды хореографиялық нөмірді күйеуі Богдан Корженевский өзінің YouTube арнасына жүктеген.

Марина БАҚ-қа бұл өміріндегі ең қорқынышты жоба болғанын айтты.

"Нысанның үстіне көтеріліп, залда орындайтын ең қарапайым әрекетті орындағанымда бойымды үрей биледі. Жылап, қашып кеткім келді", - деді Марина.

80 метр биіктікке арнайы сырық орнатылған. Видео квадрокоптер мен екі GoPro камераларының көмегімен түсірілген.

Желі қолданушыларының бірі қыздың батырлығына тамсанса, енді бірі мұндай биді орындау ақымақтық екенін айтқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1779546-resejlik-aru-16-kabatty-gimaratty-tbesinde-syr-ajnala-biledi.html