Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысында құлаған АН-2 ұшағынан аман қалған ару оқиғаны өзі баяндады

Опубликовано:

2015 жылдың 20 қаңтарында Жамбыл облысында апатқа ұшыраған АН-2 ұшағында тек бір жолаушы ғана аман қалған болатын. Құдіреттің күшімен тірі қалған Әсем Шаяхметова сол апаттан кейін 30-ға жуық ота жасатқан. Бойжеткен өзінің жантүршігерлік жағдайдан кейінгі өмірі жайлы "Өз ойым" бағдарламасында айтып берді деп жазады NUR.KZ.

Әсем Шаяхметова. Фото: Ләйлә Сұлтанқызының парақшасынан. Коллаж: NUR.KZ
Әсем Шаяхметова. Фото: Ләйлә Сұлтанқызының парақшасынан. Коллаж: NUR.KZ: Instagram
"Мен ол кезде жылайтындай жағдайда болмадым. Мен ояндым. Алайда жанымдағылар оянбады. "Демек оларға көмек көрсету керек" деген ой ғана болды. Біраздан кейін дыбыс естілді. Құтқарушылар бізді басқа жақтан іздеген. Ал біз ұшақтың жанына емес, басқа жаққа құлағанбыз", - дейді Әсем Шаяхметова.

Айта кетейік, 2015 жылдың 20 қаңтарында АН-2 ұшағы Жамбыл облысы, Шу ауданы маңында апатқа ұшырайды.

Ұшақта жалпы жеті адам болған. Олар экипаж мүшелері мен жолаушылар. Апаттан алты адам қайтыс болып, тек бір әйел ғана аман қалған.

Ол ауыр хәлде 3,5 сағат бойы құтқарушыларды күткен. Әлия Шаяхметованы құтқарушылар Шудан Жамбылға, одан кейін санитарлық авиация арқылы Астана қаласына жеткізеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1779561-zambyl-oblysynda-klagan-an-2-sagynan-aman-kalgan-aru-okigany-zi-baandady/

pixel