RU

Қанша өзгерсе де, күйеуіне жаға алмаған келіншек жан сырымен бөлісті

Күйеуге шыққанына бір жылдан асқан келіншек күйеуімен тіл табысуы күн санап қиындап бара жатқанын айтып, жан сырын ақтарды деп жазады Алаш айнасы.

Күйеуі бойынан кемшілік көрсе қуанатын келіншек жан сырымен бөлісті
Көрнекі фото:wclub.ru: Facebook

Бойжеткеннің тұрмысқа шыққанына бір жылдан асыпты. Жасы 23-те. Бүгінде күйеуі екеуі қыз баланы тәрбиелеп отыр екен.

"Күйеуім әр нәрседен бәле іздейді. Кемшілік тапса, қуанатындай көрінеді. Аптасына бір күн демалады, оның өзін отбасымен емес, достарымен өткізеді. Неге бізбен болмайсың десем, ренжісеміз. Мені балағаттайды", - деп күйінді келіншек.

Күйеуіне сөз қайтаратын болса, бойжеткенді соққыға жығады екен.

Қанша өзгерсе де, күйеуіне жаға алмаған келіншек не істерін білмей дал болуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1779564-kansa-zgerse-de-kjeuine-zaga-almagan-kelinsek-zan-syrymen-blisti.html