Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бақыт Сұлтанов: Бес қыздың қазасы бәріміздің еңсемізді түсірді

Опубликовано:

Бүгін Астанада қала әкімі Бақыт Сұлтанов тұрғындар алдында есеп беріп жатыр. Қала басшысы баяндаманы оқу барысында Астанада өрттен қаза тапқан бес қыздың өліміне де тоқталып өтті деп хабарлайды NUR.KZ.

Бақыт Сұлтанов. Фото:24.kz
Бақыт Сұлтанов. Фото:24.kz: Instagram

Шаһар басшысы бес қыздың өлімі бәрінің қабырғасын қайыстырғанын атап өтті.

"Бес бүлдіршіннің қазасы бәріміздің еңсеңмізді түсіріп, көңілімізге қаяу салды. Осы бір жағдай көп балалы аналар мәселесінен бастап, басқа да қордаланған әлеуметтік проблемалар бар екендігін көрсетті. Жасырмаймын, әлі күнге дейін шешілмеген мәселелер бар. Өткен жетіде ғана 10 мыңнан астам көп балалы аналармен кездестік. Олар негізші үш мәселені атап өтті.
Бірінші - баспана мәселесі. Екіншісі - жәрдемақыны көтеру және балаларды балабақша, мектепке орналастыру. Өкінішке орай, осыған дейін осы мәселені шешу үшін қанша қаражат бөлінген. Алайда олардың бәрі халыққа жетпей отыр. Қазір осыған байланысты ұсыныстар әзірлеп, үкіметке жолдадық", - деді қала басшысы.

Сондай-ақ ол мүгедек балалары бар ата-аналардың жағдайы тіптен мүшкіл екенін атап өтті.

"Мүгедек баласы бар аналардың жағдайы тым қиын. Бала мүгедек болған соң, жұмысқа шыға алмайды. Үлкен балалар мүгедек балаға қарауға мәжбүр болады. Сөйтіп мектепке бара алмай қалады. Сондықтан қазір осы мәселелерді шешуге баса назар аударып отырмыз", - деді қала әкімі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1779574-bakyt-sltanov-bes-kyzdy-kazasy-brimizdi-esemizdi-tsirdi/

pixel