Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бақыт Сұлтанов: Бұрынғы қаржы министрі сияқты құрғақ сандарды оқымаймын

Опубликовано:

Астана әкімі Бақыт Сұлтанов бүгін қала тұрғындары алдында есеп беруде. Шенеунік сөзінде бұрынғы қаржы министрі сияқты құрғақ баяндама оқымайтынын айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Бақыт Сұлтанов. Фото: today.kz
Бақыт Сұлтанов. Фото: today.kz: Twitter
"Бұрынғы қаржы министрі қызметінде баяндама оқыған сияқты "құрғақ" сандарды оқымай-ақ қояйын. Алайда қала мен экономика туралы сөз қозғағанда, оның тұрғындары жайлы айтпай кете алмаймыз. Сондықтан бүгін қаладағы қордаланған мәселелерді сіз бен біз болып тыңдайтын боламы" , - деді Бақыт Сұлтанов.

Шаһар басшысы өз баяндамасында Астананың дамытуға арналған екі бірдей құжат әзірленіп жатқандығын атап өтті.

"Астана ерекше қала, сондықтан біз оны бұрынғыдан да жақсы ету үшін, аянбай еңбек етуіміз керек. Қазір елорданың дамуына қатысты екі құжат әзірленуде. Біріншісі Астананың 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы болса, екіншісі оның дамуының басты жоспары. Бірінші құжат ұзақ мерзімді даму болса, екіншісі – оны жүзеге асыру жоспары", - деді қала әкімі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1779575-bakyt-sltanov-bryngy-karzy-ministri-siakty-krgak-sandardy-okymajmyn/

pixel