RU

Димаштың әнін қазақ тілінде шырқаған Роналдудың жерлесіне жұрт риза болды (видео)

Димаш Құдайбергеннің қазақ тіліндегі туындысын португалиялық әнші Лара Алейхо шырқаған. Атақты Криштиану Роналду жерлесінің өнері көпшіліктің көңілінен шыққан деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: әншілердің жеке парақшасы, коллаж: NUR.KZ
Фото: әншілердің жеке парақшасы, коллаж: NUR.KZ: Facebook

Лара Алейхоның видеосын Димаш Құдайберген Instagram парақшасында жариялады.

Португалиялық өнерпаз отандық әншінің "Ұмытылмас күн" атты шығармасын қазақ және ағылшын тілдерінде орындаған.

“Португалияның талантты жас әншісі. Қазақша ән шырқаған жарасады екен. Lara Aleixo үлкен әлемдік танымал жұлдыз болыңыз. Сәттілік тілеймін”, – деді Димаш Құдайберген парақшасында.

Мұны көрген желі оқырмандары әлем жұртшылығын қазақ тілінде сөйлеткен қазақстандық әншіге алғысын жаудырыпты.

Лара Алейхо парақшасында бұл ән өмірінде естіген ең әдемі екендігін айтқан.

“Мен Димаштың қазақ тіліндегі әнін жаттап алуды шештім. Басында “Ұмытылмас күнді” тыңдағанда әншінің не туралы айтып жатқанын түсінгенім жоқ, бірақ әнді сезіне алдым”, – деп жазды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1779599-dimasty-nin-kazak-tilinde-syrkagan-ronaldudy-zerlesine-zrt-riza-boldy-video.html