RU

Бақыт Сұлтанов: Астана екінші Венеция болмайды

Астана əкімі Бақыт Сұлтанов тұрғындармен өткен есептік кездесуінде елорданың екінші Венецияға айналмайтынын айтып, тұрғындарды сендірді. Шаһар басшысы қалада арық жүргізу үшін, бюджеттен 7 миллиард теңге бөлінгендігін айтты деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Бақыт Сұлтанов. Фото: abai.kz, zakon.kz. Коллаж: NUR.KZ
Бақыт Сұлтанов. Фото: abai.kz, zakon.kz. Коллаж: NUR.KZ: Instagram
"Астана Венеция болмайды. Ешкім мəселені егжей-тегжейлі зерттегісі келмейді. Бірақ бəрімізге нəтиже керек, солай емес пе? Жазда су астында қалмауымыз керек", - деді қала басшысы.

Бұл мақсатта бюджеттен жоспарланған 5 миллиард теңге емес, 7 миллиард теңге бөлінетін болған.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Астана әкімі есептік кездесуде бес қыздың қазасына байланысты мәлімдеме жасады.

Сондай-ақ Бақыт Сұлтанов былтырғы жылы Астана әкімдігіне бір миллионнан астам шағым түскенін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1779600-bakyt-sltanov-astana-ekinsi-venecia-bolmajdy.html