RU

Бақыт Сұлтанов Астанада құдықта қаза тапқан балаға қатысты пікір білдірді

Бүгін Астанада қала əкімі Бақыт Сұлтанов есеп беруде. Ол өз баяндамасында шаһардағы ашық құдықтар мəселесін де қозғады деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Sputnik / Владислав Воднев
Фото: Sputnik / Владислав Воднев: Depositphotos

Бұл ретте қала əкімі "Сергек" құрылғысының көмегімен қаладағы ашық құдықтар мəселесін шешуге болатынын айтты.

"Құдықтар мəселесі бар жəне ол өткір тұр. Өкінішке орай, құдыққа түсіп мерт болып жатқан жағдайлар да бар. Күні кеше ғана құдықтан бір баланың мəйіті табылды. Бұл мəселені де жүйелі түрде қарайтын боламыз.
Бұрындары салып, оны ашық күйде тастап кеткендерден сұралатын болады, сондай-ақ көшелерді де жіті қалағалауға алатын боламыз. Қазірдің өзінде былтырғы күзден бастап ашық қалған құдықтардың мыңдағанын тауып жатырмыз", - деді шаһар басшысы.

Еске сала кетейік, Астанада 16 ақпан күні жоғалып кеткен он үш жастағы жетіншектің денесі үйінің қасындағы құдықтан табылған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1779609-bakyt-sltanov-astanada-kdykta-kaza-tapkan-balaga-katysty-pikir-bildirdi.html