Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өзімді өртеп жіберейін": Жалғызбасты ана Астана әкіміне мұңын шақты

Опубликовано:

Астана әкімі Бақыт Сұлтановтың есеп беру отырысында жалғызбасты ана мектепте оқитын ұлы әкімнің 1000 грантының біріне үміттенгенін, алайда жалғызбасты аналар әлеуметтік жағдайы төмен болып есептелмегендіктен оны иеленбегенін айтты деп жазады NUR.KZ.

Фото: astana.gov.kz
Фото: astana.gov.kz: Facebook
"Мен жалғызбасты анамын және ІІМ зейнеткерімін. Не себепті жалғызбасты аналар әлеуметтік жағдайы төмен халықтың санатынан шығарылған.

Мен тамыз айында әкімдікке барғанда Астана әкімдігі 1000 грант беретінін айтқан. Менің ұлым 4 пен 5-ке оқыды. Біз 100 балл жинап келдік, алайда бізге әкімдіктен грант бөлінбейтінін айтты. Мен "неге?" деп сұрадым.

Еңбек пен әлеуметтік қорғау басқармасында грантты мүгедектер, жетімдер мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен көпбалалы аналарға берілетінін айтты. Ал маған не істеу керек? Менің жағдайым жақсы ма? Мен ІІМ зейнеткерімін, менің 15 жастағы балам 9 сыныпта, ұлым 11 сынып бітірді", -деді келіншек.

Астаналық әйел қала әкімдігінің алдында өзіне жанармай құйып, өртенуді, осылайша ұлының болашағы үшін өз өмірін қиюды жөн көретінін айтты.

"Сонда менің ұлым жетім атанады. Сіздер қала әкімінің грантын бересіздер. Мен, ана ретінде сіздерден Астанада тұратын жетім, кедей балаларды, жалғызбасты аналарды әлеуметтік жағдайы төмен халықтың санатына қосуыңызды сұраймын", -деді жалғызбасты ана.

Бақыт Сұлтанов зейнеткердің барлық сұрақтарын шешуге уәде берді. Келіншек 15 ақпан күні әкімдікке арыз жазған.

"Сіздің арызыңыз қараусыз қалмайды. Егер тағы сұрақтарыңыз болса, қазір кабинетке кіріп, барлығын қарастырамыз. Бұл жерде арнайы басқармалардың басшылары отыр. Әр сұрақ та бақылауға алынды. Мен сізге уәде бердім, орындаймын. Мен өз уәдемді орындауды үйренгенмін",- деді әкім.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1779643-zimdi-rtep-ziberejin-zalgyzbasty-ana-astana-kimine-myn-sakty/

pixel