RU

Алматыда актриса қаза тапқан жол апаты: Ильяс Кар 10 жылға түрмеге қамалды

Алматыда үш адамның өліміне себепкер болған жол апатына күдікті ретінде сотта жауап берген Илья Карға үкім шықты деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Depositphotos

Айыпталушы азамат 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде өткізетін болады.

Сот оны мас күйінде жол-көлік оқиғасын жасағаны үшін кінәлі деп тапты. Оған қоса, сот жәбірленушілердің сотталушының қатерлі ісікпен ауырғанын жазасын жеңілдететін жағдай ретінде қарастырмау және оны 10 жыл бас бостандығынан айыру туралы пікірлерін ескерді.
Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Сондай-ақ, сот шешімімен Ильяс Кар жеті жылға көлік басқару құқығынан айырылды.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Айта кетейік, Ильяс Кар үш адамның өліміне себепкер болған жол апатына кінәлі деп айыпталған. Көлік апатынан актриса Шолпан Елгезекова да көз жұмған. Ал Кар оқиға орнынан қашып кеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1779655-almatyda-aktrisa-kaza-tapkan-zol-apaty-ilas-kar-10-zylga-trmege-kamaldy.html