RU

Бағым Мұхитденова өзінен кешірім сұраған Әуелбекованың жылап қалғанын айтты

Осыдан біраз уақыт бұрын Мөлдір Әуелбекова бұрынғы продюсерлері Баян Алагөзова және Бағым Мұхитденовамен татуласқанын мәлімдеген болатын. Осы уақытқа дейін бұл ақпарат жайында жақ ашпаған Мұхитденова шәкіртінің өзінен кешірім сұрағанын ашып айтты деп жазады "31" арнаның "Айта берсін" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Әуелбекова, Бағым Мұхитденованың жеке парақшасынан. Коллаж: NUR.KZ
Фото: Әуелбекова, Бағым Мұхитденованың жеке парақшасынан. Коллаж: NUR.KZ: Instagram

Бағым Мақсатқызының айтуынша, бірнеше сағатқа созылған әңгіме барысында Мөлдір Әуелбекова өз-өзін ұстай алмай, жылап қалған.

"Ол маған келді. Екеуміз үйде сөйлестік. Біз осыған дейін кездеспедік. Мен оны көргім келмеген. Адамның өз кінәсін мойындағаны - бұл өте дұрыс іс.

Оның түптің-түбінде кешірім сұрай алғаны - үлкен қадам жасағаны.

Мен оған "Сен кешірімді ертерек сұрауың керек еді. Неге келмедің?" деп сұрадым. Ал ол "Келуге қорықтым" деді. Мен өмірімде бір адамды саусағыммен түрткен адам емеспін.

Оның бұл кешірімді шын жүрегімен сұраған-сұрамағанына мән бермедім. Себебі бұл ескі оқиға. Мен оның көзінен шынайылықты көрдім. Одан кешірім сұрауын талап етпегенмін. Өз еркімен келді. Демек өзінің жан дүниесімен қалаған ісі", - деп айтты Бағым Мұхитденова.

Айта кетейік, осыған дейін Мөлдір Әуелбекова өзінің бұрынғы продюсерлерінен кешірім сұрағанын мәлім еткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1779677-bagym-mhitdenova-zinen-kesirim-sragan-uelbekovany-zylap-kalganyn-ajtty.html