Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Хоккей ойыны кезінде шайба көз алдынан ұшқан комментатор таңғалып қалды

Опубликовано:

АҚШ-та ұлттық хоккей лигасы аясындағы кезекті ойын кезінде атақты комментатор Пьер Макгуайрге шайба тиіп кете жаздаған. Осы сәт видеоға түсіп қалған деп хабарлайды Life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Видеодан кадр, Twitter/ScottABC7
Видеодан кадр, Twitter/ScottABC7: Facebook

Оқиға 18 ақпан күні Огайо штатында "Коламбус Блю Джекетс" пен "Тампа-Бей Лайтнинг" арасындағы ойын кезінде орын алған.

Кадрдан 57 жастағы комментатор Пьер Макгуайр ойынды жүргізіп отырғанда, хоккейшінің соққысынан шайбаның спорт журналистіне қарай ұшып, бірнеше сантиметр аралығында жанай өткенін байқауға болады.

Ол шайбаны байқап үлгере алмаған.

Мамандар спорт журналистіне шайба тимегеніне қуанышты екенін айтқан. Олардың сөзінше, комментатор соққыдан ауыр жарақат алуы мүмкін еді.

Пьер Макгуайр ойынды соңына дейін жалғастырып, әлеуметтік желіде осы тақырыпқа байланысты әзілдеген.

"Егер хоккейші болмасаң, онда ойынға араласудың қажеті жоқ. Сондықтан өз-өзіңді ұстағаның маңызды", - деді спорт журналисті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/hockey/1779680-hokkej-ojyny-kezinde-sajba-kz-aldynan-skan-kommentator-tagalyp-kaldy/

pixel