RU

Құрсағында 7 айлық сәбиі бар жезқазғандық жүкті әйел қайтыс болды

Жезқазғанда жүкті әйел қайтыс болды. Сондай-ақ, оның жеті айлық нәрестесі де шетінеп кеткен деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото:NewTimes.kz
Фото:NewTimes.kz: Instagram

Келіншек пен нәрестесінің өлімі 18 ақпан күні ол келіп түскен емханада тіркеліпті

Аталмыш емхана әйел мен сәбидің денесін сараптамаға жібергенін айтып, ешқандай пікір білдірмеген.

Ал полиция оқыс оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлім етті. Қазіргі уақытта сараптамалар тізімі дайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Дәрігерлердің мәліметінше, сәби өлі туылған.

Айта кетейік, бұл Жезқазғандағы алғашқы ана өлімі емес.

Осыған дейін қайтыс болған екі әйелге байланысты қылмыстық іс қозғалған болатын. Жас аналардың бірі бала босанғаннан кейін 19 күн өткенде өз пәтерінде қайтыс болса, екіншісі орталық аурухананың жансақтау бөлімінде өмірден өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1779692-krsagynda-7-ajlyk-sbii-bar-zezkazgandyk-zkti-jel-kajtys-boldy.html