RU

Шалқарлық көлік жүргізуші 64 жастағы әйелді өрттен құтқарып қалды

Шалқар қаласында болған өрт кезінде өрт сөндіру бөлімінің көлік жүргізушісі Қуанар Баймурзин 64 жастағы әйелді құтқарып қалды деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Фото: Aktobenews.kz
Фото: Aktobenews.kz: Twitter

Оқиға 15 ақпан күні сағат 15:57 шамасында болған. Ауысымды демалыстағы Қуанар жеке көлігімен Есет Көтібарұлы көшесімен өтіп бара жатқан сәтінде жалынды байқаған.

"Машинаның айнасында түтін шығып, қайта сөнгенін байқадым. Бұрылып барсам, үйдің шатыры енді тұтанып бастап жатыр екен.

Бірден 101 номеріне телефон шалдым. Олар келгенше үйде адам бар-жоғын анықтау керек болды. Есігінен кіру мүмкін болмаған соң терезеден қарадым.

Бір адам жүргендей болды. Терезе арқылы кіріп, үстіне орамал жауып алып шықтым. Өрт сөндірушілер келгенше газ бен жарықты ажыраттым", — дейді №17 өрт сөндіру бөлімінің көлік жүргізушісі Қуанар Баймурзин.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1779698-salkarlyk-klik-zrgizusi-64-zastagy-jeldi-rtten-ktkaryp-kaldy.html