RU

Шымкент білім басқармасы басшысына қатысты ақпарат түзетілді

2019 жылдың 18 ақпанында NUR.KZ порталында "Шымкент қалалық білім басқармасы басшысы парамен ұсталды" деген тақырыппен жарияланған ақпарат түзетілді.

Шымкент білім басқармасы басшысына қатысты ақпарат түзетілді
Шымкент қалалық білім басқармасы басшысы Ақерке Абылайхан: Instagram
Редакция тақырыпта қате кеткенін және техникалық ақауларға байланысты 15 минут ішінде бұл олқылықтың орны толтырылғанын растайды.

Аталған материал "Шымкентте білім басқармасы басшысы орынбасары парамен ұсталды" деген тақырыппен дереу дұрысталды.

Осы себепті, Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы Ақерке Абылайханнан абыройына нұқсан келтірген тақырып үшін кешірім сұраймыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1779732-symkent-bilim-baskarmasy-bassysyna-katysty-akparat-tzetildi.html