RU

Ахметжан Есімовті қабылдаған Назарбаев бірқатар тапсырма берді

Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады. Кездесу барысында Қазақстан президентіне «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының 2018 жылы атқарған жұмыстары жөнінде есеп берілді деп хабарлайды Ақорда.

ааааа
Фото: Ақорда: UGC

Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі көрсеткіштерінің нәтижелері жақсы екенін айтты. 

"Жалпы, Қор қызметінің қорытындылары басқа жылдармен салыстырғанда өте жақсы. Акционерлік қоғамның барлық компаниялары жылды табысты аяқтап, кірістерін арттыра түсті. Сонымен қатар, Қордың басқару деңгейлері жоспарлы түрде оңтайландырылды", – деді Елбасы.

Ахметжан Есімов мемлекет басшысына Қор активтерін жекешелендіру барысы, «Қазақтелеком» және «Air Astana» компанияларын IPO-ға шығару жоспары, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының «Сарыарқа» газ құбыры магистралін салу жұмыстарын қаржыландыру ісіне атсалысуы жөнінде баяндады.

Кездесу соңында Елбасы бірқатар нақты тапсырма берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1779735-ahmetzan-esimovti-kabyldagan-nazarbaev-birkatar-tapsyrma-berdi.html