RU

"Жалған": Бекшин қызу талқыланған "резеңке" жұмыртқаларға қатысты пікір білдірді

Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты әлеуметтік денсаулықты сақтау комитетінің жетекшісі Жандарбек Бекшин қазақстандықтар арасында қызу талқыға түскен "резеңке" жұмыртқаларға қатысты пікір білдірді деп хабарлайды Zakon.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Sputnik, видеодан кадр. Коллаж: NUR.KZ
Фото: Sputnik, видеодан кадр. Коллаж: NUR.KZ: Twitter

Оның сөзінше, ғаламтор кеңістігінде Қазақстанда "резеңке" жұмыртқалар сатылып жатқаны жайлы видео жалған болып табылады.

Комитет жетекшісі шу тудырған оқиғадан соң, Өскеменде арнайы тексеріс жүргізілгенін жеткізді. Оның барысында, ешқандай "резеңке" жұмыртқалар анықталмаған.

"Бұл нағыз жалған ақпарат. Біз халықты сабырға шақырмақпыз. Қазақстанда мұндай жағдай болуы мүмкін емес" , - деді Бекшин.

Айта кетейік, бұған дейін тұрғындар үрейін тудырған "резеңке" жұмыртқалар сатылып жатқанын хабарланағн болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1779737-zalgan-beksin-kyzu-talkylangan-rezeke-zmyrtkalarga-katysty-pikir-bildirdi.html