RU

Күйші Дина Нұрпейісованың балуан болғандығын көп адам біле бермейді

Саусағынан күй саулаған әйгілі күйші Дина Нұрпейсова домбырашы ғана емес, той-думанның көркін қыздырған шебер балуан да болған.

Қазақстан Мәдениетіне еңбегі сіңген қызметкер, домбырашы, ұстаз Сәнен Әжиева осылай айтты."Дина апамыздың қарапайымдылығынан бұрын жігерлілігіне бас июі керек. Кезінде қыз-келіншектеріміз шалбар киіп, күреспек түгілі ел алдында өз ойларын толық білдіре алмаушы еді. Ал Дина Кенжеқызы кез келген той-думанда домбыра шертіп, күй тартумен бірге білегін түріп, күреске де түсетін шебер балуан болған", - дейді Сәнен Әжиева.

Динаның қос қолымен бірдей домбыра шертудегі шеберлігі көрген адамды ерекше қайран қалдыратын.

Оның айтуынша, Динаның қос қолымен бірдей домбыра шертудегі шеберлігі көрген адамды ерекше қайран қалдыратын.

Көзі жұмылғанша сахнадан түспеген даңқты өнер шебері кез-келген ортада өзін еркін ұстайтын

ҚазКСР-нің халық әртісі Дина Кенжеқызы 1861 жылы өмірге келіп, 1955 жылы 94 жасында көз жұмды.

Әкесі Кенже ауыл-аймаққа есімі белгілі домбырашы болған.

8-9 жасында домбыраны еркін меңгерген Динаның өміріне 1870 жылы Құрманғазымен кездесуі үлкен рөл атқарды.

1937 жылы халық өнерпаздарының республикалық байқауында, 1939 жылы халықтық музыка аспаптарында орындаушылардың Бүкілодақтық байқауында 1-орын алып, "Домбыраның Жамбылы" атанды.

Өз жанынан шығарған "Бұлбұл", "Байжұма", "Көгентүп", "Жеңіс", "Ана аманаты", "Сегізінші наурыз", "Сауыншы", "Еңбек Ері" сияқты түрлі шығармалары арқылы Құрманғазы, Дәулеткерейлердің күйшілік дәстүрін дамытып, оны жаңа бір белеске көтерді.

Қазіргі таңда Атырауда Дина Кенжеқызының есімімен аталатын халық аспаптар оркестрі бар

Оның шығармашылық өмір жолы туралы жазушы С.Бақбергенов "Қайран шешем" (1963) атты роман жазды.

Ал суретші А.Черкасский (1946 жылы) мен Г.Ысмайылова (1963 жылы) оның бейнесін қылқаламмен кескіндеді.

Қазіргі таңда Атырауда Дина Кенжеқызының есімімен аталатын халық аспаптар оркестрі бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/177974-kyjshi-dina-nyrpejisovanyn-baluan-bolgandygyn-kop-adam-bile-bermejdi.html