RU

Cауд Арабиясының королі Назарбаевқа хабарласты

Нұрсұлтан Назарбаев телефон арқылы Сауд Арабиясының королімен тілдесті деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Хабар 24
Фото: Хабар 24: Facebook

Екі мемлекет басшысы сөйлесу барысында екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестікті одан ары қарай жалғастырып, оны дамытуға қызығушылық танытты.

Оған қоса, атом және альтернативті энергетика саласындағы ортақ жобаларды іске асыру маңыздылығы мен қатарҚазақстандағы мұнай мен газды өндіру талқыланды.

Екі тарап энергоресурстардың әлемдік нарығы жайлы пікір білдіріп, мұнайды экспорттаушы мемлекеттер рөлінің маңыздылығын атап өтті.

Екі мемлекет басшылары іс-сапармен келіп тұру тәжірибесін қолдауға келісті. Телефон арқылы байланыс саударабиялық тарап жақтан болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1779742-caud-arabiasyny-koroli-nazarbaevka-habarlasty.html