RU

Ауа райы: Бүгін еліміздің басым бөлігінде қалың қар жауады

Қазақстанда фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады. Күндіз еліміздің оңтүстік-шығысында және шығысындағы таулы аймақтарда қалың қар жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Шығыс-Қазақстан, Қарағанды, Ақмола, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман, бұрқасын, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с жылдамдықпен еседі, Шығыс-Қазақстан облысында күндіз желдің екпіні 23 м/с болуы ықтимал.

Алматы, Жамбыл, Батыс-Қазақстан облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болып, жел секундына 15-20 м/с жылдамдықпен еседі.

Солтүстік-Қазақстан, Павлодар облыстарының кей бөліктерінде тұман түсіп, жел секундына 15-20 км жылдамдықпен ұйтқиды.

Күндіз Солтүстік-Қазақстан облысында желдің екпіні 25 м/с болады. Қостанай облысында жаяу бұрқасын болып, желдің күші секундына 15-20 м/с-қа жетеді.

Маңғыстау, Ақтобе облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Қызылорда, Атырау облыстарының кей жерлерінде - тұман түседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1779765-aua-rajy-bgin-elimizdi-basym-bliginde-kaly-kar-zauady.html