RU

Қарағанды облысында 18 жастағы сарбаз өзін-өзі атып өлтірді

20 ақпан күні таңертең 6505 әскери бөлімінің сарбаздары Қарағанды облысы Долинка кентіндегі түзеу колониясының аумағынан қызметтегі әріптесінің денесін тапты деп хабарлайды NUR.KZ.

Қарағанды облысында 18 жастағы сарбаз өзін-қзі атып өлтірген

18 жастағы борышын өтеуші сарбаздың басына оқ тиіп, оқиға орнында тіл тартпай кеткен.

Бұл өзін-өзі өлтіру әрекеті немесе абайсызда оқ атылып кеткенін жедел тергеу тобы анықтау үстінде.

Жергілікті «Орталық» командасының баспасөз қызметі бұл қайғылы оқиға туралы мәлімдеме жасады.

"Екінші атқыштар батальонының әскери борышын өтеуші азамат қылмыстық-атқаруы жүйе мекемесінің күзет қызметіне тұрған. 2000 жылғы сарбаз өзін-өзі жарақаттап, оқиғаның соңы өлімге әкелген. Марқұмның туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз", - деді олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1779767-karagandy-oblysynda-18-zastagy-sarbaz-zin-zi-atyp-ltirdi.html