Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылордада 15 жастағы бала қағып өлтірген қыздың жанұясы куәгерлерді іздеуде

Опубликовано:

Қызылорда жеткіншек қағып өлтірген қыздың туыстары кінәлі жасөспірім жазадан құтылып кете ме деп алаңдап отыр. Сондықтан, Саиданың жақындары барлық куәгерлерді сот ісіне көмектесуге шақыруда деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: facebook.com/bauyrzhan.azanov, facebook.com/saniya.abdullayeva
Фото: facebook.com/bauyrzhan.azanov, facebook.com/saniya.abdullayeva: UGC
"Бұл Саида Абдулла. Ол 22-ге де толмаған. Бойжеткен ағылшын, араб және қытай тілдерін білген. Шет мемлекетте университет аяқтаған. Ол нағыз классикалық, саналы, рефлексиялы интеллигенция санатына жататын бойжеткен еді", -деп жазды марқұмның жанұясының қорғаушысы Бауыржан Азанов Facebook парақшасында.

Ол қыздың болашағы зор болғанын алайда, өлім ойда-жоқта оның жоспарларын жоқ қылғанын алға тартты. Сонымен қатар, қорғаушы тек Саиданың туыстары емес, барлық жұрт та қайғыдан қан жұтқанын хабарлады.

Бауыржан Азанов Саиданың 28 желтоқсан күні жаяу жүргіншілер жолында кенеттен жол апатына түскенін жеткізген.

Оның сөзінше, жеткіншектің жасы 15-те болғандықтан ол өз әрекеті үшін жазаға тартылмайды.

Сол себепті, қорғаушы өткен жылдың күзі мен көктемінде 14 жастағы баланың Қызылорда қаласында Lexus көлігімен жүргенін көрген жандар болса, байланысқа шығуды сұрап отыр. Ол анонимдік пен қауіпсіздікке кепілдік береді.

Жол апатынан соң жәбірленуші төрт күн жансақтау бөлімінде жатқан. Алайда дәрігерлер оны аман алып қала алмаған. Ал марқұмның жақындары куәгерлерді іздеуді әлі тоқтатар емес.

Саида Абдулланың әпкесі Сәния туыстары бұл қайғылы жағдайды әлі де қабылдай алмағанын айтады. Бұл жағдайдан соң бойжеткеннің ата-анасының денсаулығы да сыр берген екен.

"2004 жылы туған Жәдігердің 2018 жылдың қыркүйек, қазан, қараша және желтоқсан немесе басқа да айларында Lexus NX 200 көлігінің рөлінде болғанын растайтын куәгерлер керек", -деді Сәния өз Facebook парақшасында.

Көлікті басқарған жеткіншектің анасы ұлының темір тұлпарды рұқсатсыз алғанын айтыпты.

Тергеу жұмыстары көлік рөлінде болған жеткіншек 14 жастағы мектеп оқушысы екенін анықтады. Ол өз кінәсін мойындаған.

Қызылорда облыстық Полиция департаменті Tengrinews.kz агенттігіне хабарлағандай, кәмелеттік жасқа толмаған жеткіншектің кінәсі толық дәлелденген.

Алайда ол 16 жасқа толмағандықтан 20 ақпан күні абайсызда адам өліміне әкелген жол ережесін бұзу бойынша іс тоқтатылып, артынша прокуратураға жолданған.

Соған қарамастан, қазіргі уақытта адам өліміне себепкер болған көлік басқару құқығы жоқ жүргізушіні көлікті басқаруға жіберу туралы бап бойынша сот алды тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Баспасөз қызметінде істің облыс прокуроры мен полиция департаментінің жіті бақылауында екенін мәлімдеді.

Фото: facebook.com/saniya.abdullayeva
Фото: facebook.com/saniya.abdullayeva: UGC

Айта кетейік, 21 жастағы Саида Абдуланны кәмелетке толмаған жеткіншек қағып өлтірген.

Артынша марқұмның анасы Нартай жасөспірімнің жанұясы кешірім сұраудың орнына айғайлап тастағанын айтқан. Артынша оның жауапқа тартылмауы мүмкін екені мәлім болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1779768-kyzylordada-15-zastagy-bala-kagyp-ltirgen-kyzdy-zanasy-kugerlerdi-izdeude/

pixel