RU

Қақаған қыста өскемендік мүгедек тұрғынның аяқ киімін тартып алып кеткен

Өскеменде 17 ақпан күні кешкі сағат 8 шамасында белгісіз біреулер мүмкіндігі шектеулі жанның аяқ киімін тартып алып, қашып кеткен деп хабарлайды Алтайньюс.

Қақаған қыста өскемендік мүгедек тұрғынның аяқ киімін тартып алып кеткен
Көрнекі фото: www.artmajeur.com: UGC

Оқиға Абай көшесіндегі дәмхананың жанында болыпты.

Жәбірленуші қалалық полицияға арызданған. Тәртіп сақшылары күдіктілерді бейнебақылау камерасының көмегімен құрықтады.

"Өскемен қаласы ІІБ жедел басқару орталығының бейнебақылау жүйесінің көмегімен полиция қызметкерлері күдікті ретінде бұрын сотталған 44 және 45 жастағы екі ер азаматты ұстады", – деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Аталмыш іске қатысты Қылмыстық кодекстің 191 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Айыпталушылар үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1779773-kakagan-kysta-skemendik-mgedek-trgynny-aak-kiimin-tartyp-alyp-ketken.html