Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда тұтқындалған актер Франция кинофестивалінің жүлдегері болып шықты (фото)

Опубликовано:

Бірнеше алаяқтық жасағаны үшін тұтқындалған бетінде татуы бар актер танымал режиссер Эмир Байғазиннің екі драмалық туындысына түскен деп хабарлайды "ҚазАқпарат" агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Алматыда алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталған актер Франциядағы кинофестивальдың жүлдегері болып шықты
Коллаж:NUR.KZ: Twitter

21 жастағы Тимур Айдарбеков біреудің мүлігін иемдену бойынша айып тағылып, алаяқтық жасағаны үшін тұтқындалды.

Жасөпірім шағында оны арт-хаус фильмдерінің режиссері Эмир Байғазин байқап, 13 жасында "Уроки Гармонии", "Раненый ангел" фильмдеріне түсірген.

Алматыда алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталған актер Франциядағы кинофестивальдың жүлдегері болып шықты
Фото:buro247.kz: Twitter

Екі туынды да халықаралық кинофестивальдерде көптеген жүлдеге ие болған.

2014 жылы жас актер Францияда өткен кинофестивальде үздік ер рөлі үшін "Алтын жалғыз мүйіз" жүлдесін алған.
Алматыда алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталған актер Франциядағы кинофестивальдың жүлдегері болып шықты
Фото: buro247.kz: Instagram

Фильмдерде қоюшы-суретші міндетін атқарған Сергей Копыловтің сөзінше, оларға өмір қиыншылықтарын көрген жеткіншектер қажет болған.

Сөйтіп олар Тимур Айдарбековты жетімдер үйінен тауыпты.

"Тимурмен "Раненый ангел" фильмін түсіргенде таныстық. Ол өжет, пысық бала еді. Түсірілім аяқталғаннан кейін екі апта бойы жарықтандырушы болып істеді. Сосын жоқ болып кетті. 2017 жылы оны "Хотите посмотреть на звезды" фильмінде түсірмек болғанбыз. Ол кастингтен өтті, бірақ кейін тағы жоқ болып кетті", - деді Сергей Копылов.
Алматыда алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталған актер Франциядағы кинофестивальдың жүлдегері болып шықты
Фото: brod.kz: Instagram

2014 жылы 17 жастағы Тимур Айдарбеков жетімдер үйінен қашып кетіп, қиын жеткіншектер орталығына түскен.

"Актерлік әлеуеті күшті еді. Киноға жолы ашылғандай болды. Бірақ күрделі мінез-құлқы, жетім болуы, интернат үйінде өскені әсер етпей қоймады. Түсірілім кезінде жоғалып кетіп, бір айдан кейін қайта оралатын адаммен жұмыс істеу мүмкін емес. Бәрі оған қамқор болды. Әсіресе Эмир Тимур үшін өзін жауапты санайтын", - деді Сергей Копылов.

Берлинде өткен "Уроки гармонии" фильмінің тұсаукесерінде Тимур сұқбат беріп, әлемдік жұлдыздармен суретке түскен.

Еске сала кетейік, Алматыда бетіне тату салдырып алған бұрынғы актер жігіт тұтқындалған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1779779-almatyda-ttkyndalgan-akter-francia-kinofestivalini-zldegeri-bolyp-sykty-foto/

pixel