RU

"Азияның ең сымбатты серісі": Димаш Құдайберген үздік ондыққа кірді (фото, видео)

Ерекше даусымен әлем жұртшылығын тамсандырған қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген "Азияның сымбатты серісі" ретингінде 6-шы орынға ие болды деп хабарлайды NUR.KZ.

"Азияның ең сымбатты серісі" жүздігіне барлығы 13 млн дауыс берілген. Ал Димаш Құдайберген осы тізімнің алтыншы орнынан көрініпті.

Дауыс беру нәтижесінде қазақстандық әнші 289 мыңнан аса дауыс жинаған.

Ал оңтүстік кореялық BTS тобының әншісі Ким Тхэ Хен 1,8 млн дауыспен көш бастаған.

Айта кетейік, бүгін 21 ақпан күні кешкі 21:00-23:00 аралығында Димаш Құдайбергеннің "The World’s Best" байқауындағы орындауы басталады. Бұл жайында қазылар алқасы Гаухар Нұртас Instagram парақшасында мәлім етті.

"АҚШ-тан бөлек елде тұратын тыңдармандар үшін мен барлық сәтті түсіріп, Instagram арқылы көрсететін боламын", - деп жазды қазақстандық қазылар алқасы.

Сондай-ақ, әлеуметтік желіде продюсер Дэйв Эринга неліктен дауысын Димашқа емес, Данэлия Төлешоваға бергенін түсіндірді. Сондай-ақ, Дэйв "The World’s Best" байқауында кімнің жеңіске жететіні жайлы пікірімен бөлісті.

Естеріңізге сала кетейік, Димаш Құдайбергеннің әндерін біздің "Музыка Нур" қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1779798-aziany-e-symbatty-serisi-dimas-kdajbergen-zdik-ondykka-kirdi-foto-video.html