RU
Димаш Құдайберген The World's Best шоуында монах әйелден асып түсті (фото, видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Димаш Құдайберген The World's Best шоуында монах әйелден асып түсті (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген америкалық The World's Вest шоуының екінші кезеңінде де жеңіске жетті. Байқаудың ресми парақшасында жеңімпаз орындаушының ән айтқан видеосы жарияланған деп жазады NUR.KZ.

Отандық танымал әнші Димаш Құдайберген "The World's Best" байқауының екінші кезеңінде "All by Myself" туындысын орындаған.

Қазақстандық қатысушының өнері көрермендер мен әділ-қазыларға ерекше әсер сыйлады. Нәтижесінде, Димаш 94-39 ұпаймен үшінші кезеңге жолдама алды.

Бақытты табынушылар Instagram желісінде сүйікті әншілеріне ақ тілектерін жаудыруда.

"Қайталанбас, ғажайып, керемет әрі жалғыз Димаш! Жеңімпаз! Браво! Әлемдегі ең үздік! Ура!", "Таңғаларлық, керемет! Браво, Димаш!", "Лайықты жеңіс! Сен үздіксің", "Италиялық қыздың даусы керемет, алайда ол Димашқа қарсылас бола алмайды", "Біздің мақтанышымыз",- деп жазғна табынушылар.

Димаштың қарсыласы Италиядағы "Voice of Italy" байқауының жеңімпаз Кристина Скуччиа болған. "Кристина әпке" лақап атымен шыққан 30 жастағы әнші - монах әйел.

Айта кетейік, аталған шоуда бақ сынап жатқан Данэлия Төлешова да екінші кезеңде жеңіске жетті.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
13
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel