RU
Командасы жеңіске жеткен бапкер жанкүйерлерге жыныс мүшесін көрсетті (фото)

Командасы жеңіске жеткен бапкер жанкүйерлерге жыныс мүшесін көрсетті (фото)

Рассказать Вконтакте

"УЕФА" чемпиондар лигасының 1/8 финалының плэй офф кезеңінде "Атлетико" мен "Ювентус" кездесіп, ойын нәтижесі 2:0-мен аяқталды. "Атлетико" командасы екінші голын соққанда, бапкер Диего Симеоне жанкүйерлеріне жыныс мүшесін көрсеткен деп жазады sports.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Диего Симеоне. Фото: sports.ru

Диего Симеоне. Фото: sports.ru

Матч аяқталған соң Симеоне бұл әрекетінің "Ювентусқа" еш қатысы жоқ екенін түсіндірген.

"Мен бұл әрекетті футболшы болған кезде де істейтінмін. Қазір де жанкүйерлеріме біздің еркек екенімізді көрсеттім.

Бұл қарсыластарға сес көрсету емес. Сол үшін әдейі өзіміздің команданың жанкүйерлеріне бұрылдым.

Мойындаймын, бұл - жақсы әрекет емес. Бірақ бұл өте ауыр ойын болды.

Диего Коста 100% пайыз дайын болмаса да, мықты ойын көрсетті. Сондықтан мен өз әрекетім арқылы не сезінгенімді көрсеттім. Егер біреудің көңіліне тисем, кешірім сұраймын", - деді "Атлетико" тренері Диего Симеоне.

Айта кетейік, бұл тренердің алғашқы тосын әрекеті емес.

Сіздің реакцияңыз
13
0
4
0
2
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel